Футболдан Екінші лиганың қос конференциясындағы жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚКФЛ-на сілтеме жасап.

Екі команда 23 қазанда лига жеңімпазын анықтайды.

Солтүстік-Шығыс конференциясында бірінші орынды «Хан-Тәңірі» (Алматы) командасы иеленді, Оңтүстік-Батыс конференциясында «Оңтүстік академиясының» (Шымкент) жастары топ жарды.

22 қазанда елордалық «Жас Сұңқар» мен түркістандық «Тұранның» жастар командасы қола медальді сарапқа салады.

Аталмыш ойындар Шымкент қаласындағы БИІК СК (Тассай шағын ауданы) алаңында өтеді.