Аргентина құрамасы Америка кубогының ширек финалында Колумбияны жеңді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чилилік Винья-дель-Марда өткен матчтың негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында аргентиналық футболшылар басым түсті – 5:4.

Америка кубогының жартылай финалында Аргентина құрамасы Бразилия – Парагвай жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Аргентина - Колумбия - 0:0 (пен. 5:4)Аргентина: Ромеро, Рохо, Гарай, Отаменди, Сабалета, Маскерано, Ди Мария (Лавесси 76'), Билья, Пасторе (Банега 76'), Месси, Агуэро (Тевес 72').Колумбия:  Оспина, Ариас, Сапата, Мурильо, Суньига, Хамес Родригес, Мехья, Куадрадо, Ибарбо (Луис Муриэль 84'), Джексон Мартинес (Фалькао 73'), Теофилио Гутьеррес (Кардона 24'). Ескертулер: Хамес 12', Агуэро 19', Мехья 20', Маскерано 34', Ариас 36', Куадрадо 40', Фалькао 85', Месси 90+1'.