WTA ойыншылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімде польшалық Ига Свёнтек көш бастап тұр. Екінші орында тунис теннисшісі Онс Жабер. Үздік үштікті эстониялық Анетт Контавейт түйіндеді.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина екі сатыға көтеріліп, 24-орынға тұрақтады.

55 (-8) Юлия Путинцева

499 (-144) Зарина Диас

414 (+16) Жібек Құламбаева

461 (-16) Анна Данилина

Жұптық сындаа чехиялық спортшылар Катерина Синякова мен Барбора Крейчикова көш бастап келеді, америкалық Кори Гауфф үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық Анна Данилина жеке рекордын қайталап, 19-орынға көтерілді. 102-орында тұрған Рыбакина 451-орынға төмендеп кетті.

ФОТО mavink.com