Бүгін «Астана Арена» стадионында Бірінші лигасының 23-туры аясында «Астана Ж» - «Қайрат-Жастар» матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz .

Ойын Астана уақытымен 14:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын PFLK TV арнасынан көруге болады.

«Астана Ж» 22 ұпаймен турнир кестесінде 11-орында. «Қайрат-Жастар» 41 ұпаймен төртінші орында.

ФОТО pflk.kz