17 қазанда астаналық «Барыс» өз айдынында нижегородскілік «Торпедоны» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚХЛ-дағы кейінгі ойынында «Барыс» хабаровскілік «Амурды» 5:1 (1:1, 3:0, 1:0) есебімен жеңсе, «Торпедо» Магнитогорскінің «Металлург» командасынан 2:1 (0:0, 0:1, 2:0) есебімен жеңіліп қалған.

Айта кетейік, осы маусымда командалар Нижний Новгородта кездесу өткізіп, «Торпедо» 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Барыс» - «Торпедо» ойыны Астана уақытымен 19:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» арнасынан көруге болады.

ФОТО hcbarys.kz