Шабуылшы Темірлан Китаров Финляндияның «Эурайоки Лятка» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Местис жастар лигасында 18 жастағы хоккейші бұған дейін 4 кездесуге қатысып, 2 (1+1) ұпай жинаған.

Ойыншы «Астана» түлегі және бұған дейін Jastar Hokey Ligasy-да осы аттас жастар құрамасында ойнаған.