«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасының кезекті матчында Татарстан астанасында жергілікті УНИКС-тен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында 109:54 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

20 ұпай жинаған қазандық клубтың шабуылшысы Хантер Винс кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Осылайша, УНИКС жаңа маусымның алғашқы 4 матчында қатарынан 4-рет жеңіске жетті. Ал «Астана» қатарынан 3-жеңіліске ұшырады.

ВТБ Бірыңғай лигасы. Тұрақты маусым

УНИКС (Қазан) — «Астана» (Астана) — 109:54 (27:20, 28:20, 32:6, 22:8)