Екінші жеңіл салмақта WBA International чемпионы Евгений Павлов (7-0, 5 КО) мекикалық Хесус Гомес Кинтанадан (11-7, 8 КО) басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Мексикада өткен бокс кешінде қазақстандық былғары қолғап шебері қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Осылайша Евгений Павлов мансабындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді.

ФОТО zakon.kz