Грузиялық UFC файтері Илия Топурия 5 қарашада өтетін UFC Fight Night аясында Брайс Митчеллмен өтетін жекпе-жекте жарақат алған Мовсар Евлоевты алмастыратынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евлоев тізежарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

«Топурия Митчеллге қарсы. Мен осы айқастың өтетінін сезіп тұрмын», - деп жазды Илия әлеуметтік желіде.