Бүгін «Лангкави туры» көпкүндігінің 6-шы кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Uno-X Pro Cycling Team командасынан норвегиялық велошабандоз Эрленд Бликра 2 сағат 49 минутта мәреге жетіп, жеңімпаз атанды.

«Астана» өкілі Глеб Сырица мәреге екінші болып жетті.

Үздік үштікке Lotto Soudal командасынан неміс велошабандозы Селик Рюдигер кірді.