«Каспий» футзал клубының ойыншысы Нұрсұлтан Таңатұлы Қазақстан чемпионаты аясында «Астана» қақпасына соққан голын ерекше атап өтті, деп жазады Prosports.kz.

Матчта мергендік танытқан Таңатұлы әжесі отырған бұрышқа жүгіріп барып, оны құшақтады. Бұл ойында 6:1 есебімен «Каспий» жеңіске жетті.

– «Голды үздік тойлау» номинациясында Нұрсұлтан үздік шықты, – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, биылғы маусымда ойыншы үш матчқа қатысып, екі гол соқты.