ҚР Президентінің Кубогында Қазақстан мен Тәжікстан матчының төрешісі Ғалымжан Кенжалиновтің ойын соңында пенальти белгілеуі БАҚ пен турнирге қатысушылар арасында үлкен дау тудырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Төрелік ету және қадағалау департаментінің шешімімен Ғалымжан Кенжалинов Қазақстан футбол федерациясы мен Департамент аясында төрелік ету құқығынан айырылды.
Төрелік ету және қадағалау департаменті Қазақстан футбол федерациясымен бірігіп, еліміздегі төрешілер қызметінің сапасын жақсарту бойынша жұмыстар атқарады, - дейді Төрелік ету және қадағалау департаментінің жетекшісі Маттео Трефолони. – ҚР Президенті Кубогының Қазақстан мен Тәжікстан құрамаларының матчында төреші Кенжалиновтің кәсіби деңгейін көрсете алмауы – Департаменттің ережелеріне қайшы. 
 
Осы себептен кейін инпектордың бағасы мен зерттеуі және ойынды қарау бойынша Төрелік ету және қадағалау департаменті аталған төрешіге қатысты қатал шешім шығарды. Ғалымжан Кенжалинов (Бірінші лига төрешісі) тәртіпсіздігі үшін Қазақстан футбол федерациясы өткізетін жарыстардың барлық деңгейінде жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, ҚФФ мен Төрелік ету және қадағалау департаментінің қызметінен босатылды.  
 
Дереккөз: ҚФФ ресми сайты