Футболдан Президент Кубогының 3 орыны үшін болған кездесуде Қазақстан жасөспірімдері Грузия жастарынан ойсырай жеңілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Үздік үштікке іліну үшін Карлес Марторелл шәкірттері Грузиялық жас футболшыларды жеңуі керек болатын. Алайда, бәрі ойдайғыдай болған жоқ. Бірінші таймның өзінде қақпасына жауапсыз 5 гол жіберіп алған қазақстандық футболшылар екінші таймда қарсыласының тағы да 3 голына тек бір ғана дәл соққымен жауап бере алды.
 
 
Грузия – Қазақстан 8:1 (5:0)
 
Голдар:  Барабадзе 3, 32, Кавтарадзе 5, 10, 25, Чакветадзе 51, Коплатадзе 69, Озбетелашвили 77 – Жақыпбаев 80
 
Пенальтиден мүлт кеткен: Чакветадзе 68 (Грузия)
 
Грузия: Кереселидзе, Верубови (Кикалишвили 41), Асатиани (Кагинадзе 41), Касрешвили, Харабадзе (Николейшвили 41), Барабадзе, Нинуа (Кимеридзе 41), Коплатадзе,  Лурсманашвили (Спандерашвили 41), Чакветадзе, Кавтарадзе (Озбетелашвили 33)
 
Қазақстан: Сейсен, Аманжол, Бортай (К), Тұрсынбай, Кусяпов, Орал (Іргебаев 41), Таласбаев, Жақыпбаев, Кан (Пайруз), Жақсылық (Хан 56), Айманов (Құдайбердінов 41).