Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының өкілі Айбол Омар Кувейтте өткен жасөспірімдер Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

Ол 1500 метрде үшінші орын алды. Спортшы 4: 07.99. уақыт көрсетті.

Бұл медаль Азия чемпионаты шеңберіндегі екінші медаль болды. Бұған дейін Сабрина Арзиева спорттық жүрісте бірінші орынды иеленді.