Алматы облысында Қазақстан бәйге чемпионатының финалы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финал Алматы облысы Талғар ауданы «Байсерке» атшабарында 15 қазанда өтеді.

Бағдарламада Құнан, Топ, Аламан бәйгелері және Ұлы аламан бәйгесі болады. Чемпионаттың жүлдеқоры - 24 миллион теңге, Ұлы аламан жүлдеқоры - 15 миллион теңге.

Іс-шарада Қазақстан эстрада жұлдыздарының концерті болады. Сонымен қатар, оның аясында тегін бағалы сыйлықтарға лотерея ойнатылады. Лотереяның жүлдеқоры - 3 миллион теңге. Іс-шара 12:00-де басталады.