Бұрынғы бразилиялық шабуылшы, қазір «Крузейро» (Бразилия) және «Вальядолид» (Испания) клубтарының иесі Роналдо 2021/2022 жылғы маусымның «Алтын доп» жүлдесіне кім лайық екенін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Аңыз футболшының айтуынша, өткен маусымда кермет өнер көрсетіп, көп гол соққан, Чемпиондар лигасын жеңіп алған «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бензема жүлдеге басты үміткер. Оның басқа ойыншылармен салыстырған «Алтын допты» алуға мүмкіндігі мол.

Айта кетейік, 2022 жылғы «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімі 17 қазанда өтеді.