Қостанайлық «Тобылдың» бұрынғы ойыншысы Карлен Мкртчян жақын арада махачкалиндік «Анжиге» ауысады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы ресейлік клубтың спорт директоры Нарвик Сихаев мәлім етті.
 
«Бізге Карлен Мкртчян келді. Жарақатына байланысты жаттығуларға қатысып жүрген жоқ. Жақын арада онымен келісімшартқа отырамыз», - деді Сирхаев. 
 
Естеріңізге сала кетсек, 2013/2014 жылдары Мкртчян «Анжиде» ойнаған болатын. Қостанайлық «Тобыл» сапында армениялық ойыншы төрт кездесуге ғана қатысты.  
 
«Р-спорт» сайтынан*