Мадридтік «Реал» өз команда вингері Эден Азардан құтылғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Nacional басылымының хабарлауынша, мадридтік клубтың президенті Флорентино Перес жалақыны түсіру үшін 31 жастағы бельгиялықпен келісімшартты бұзуға дайын.

Реал Мадрид басшылығы Азардың физикалық формасына көңілі толмай отыр. Жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін.

Азар осы маусымда клуб сапында 5 ойынға қатысып, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.