Подгорицада футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің матчы өтіп, онда Черногория құрамасы Қазақстан құрамасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы үшін бұл матч тарихи болды, өйткені Черногориямен бұрын ұлттық құрамалар деңгейінде кездескен жоқ.

Кездесу 5:1 есебімен қазақстандықтардың ірі жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасы қатарынан голдарды Лео (11-ші минут), Эдсон (19-шы), Арнольд Кнауб (29-шы), Альберт Акбаликов (29-шы) және Тинан (38-ші) соқты, ал Черногория сапынан Филип Маркович (17-ші) мергендік танытты.

Осылайша Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандықтар Словения құрамасын (2:0) жеңген болатын.

Енді 5-топтағы командалардың қазіргі жағдайы келесідей: Қазақстан – 6 ұпай (2 матч), Словения – 3 ұпай (2 матч), Черногория – 0 ұпай (2 матч).

Турнир ережесі бойынша командалар өз алаңында және сырт алаңда бір-бірімен бір матч өткізеді.