«Шахтер» футбол мектебінің түлегі Геворг Наджарян қарағандылық командамен келісімін бұзды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлімдейді. Естеріңізге сала кетсек, Наджарян (U-17) Қазақстан құрамасының капитаны. Биылғы маусымда футболшы сегіз рет алаңға шығып, бір голдың авторы атанды.  
 
Қазіргі таңда, «Шахтер» 11 ұпаймен турнир кестесінің түбінде келеді.