Футболдан Президент кубогы аясында Қазақстан құрамасы Тәжікстан жастарын 2:1 есебімен жеңді. Осыған орай, құрама капитаны Самат Бортай өткен және алдағы кездесулер туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Бүгінгі ойында Тәжікстан құрамасы жақсы ойнады деп айта алмаймын, бірақ біз өзіміздің үздік ойынымызды көрсете алмадық. Бізге мықты шабуылшы керек. Құрама капитаны ретінде бүкіл команда атынан жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Қолдау көрсеткендердің үмітін толыққанды ақтай алмадық. Мүмкін кей жерлерде жүйкелерін де жұқартқан болармыз. 
 
- Бүгінгі ойында гол соғып, команданы жеңілістен құтқарып қалдың...
 
- Командалық ойынның арқасында гол соқтым.
 
- Грузия құрамасымен үшінші орын үшін тартысқа түсесіңдер. Команда ішінде жеңіске деген құлшыныс қаншалықты?
 
- Әрине, команда орын алуға бар күшін салуға дайын! Жанкүйерлер қолдау көрсетсе екен деймін. Олардың қолдауы бізге ауадай қажет!