21 қазанда еуразиялық OCTAGON жекпе-жек промоушенінің кезекті турнирі ұйым тарихында тұңғыш рет Түркияда өтеді.

O36 ивентінің басты жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген қазақстандық Керим Даидов (5-0) өзбекстандық Абдукодир Абдуварисовпен (4-0) орта салмақтағы чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Сондай-ақ, алдағы турнирде жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек өткізген Сәмбет Найманбаев (4-5) өнер көрсетеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық Global Proving Ground және Ring of Combat промоушндарында өнер көрсеткен жергілікті Кадир Далкиран (3-3) болады.

Prosports.kz тілшісіне берген сұхбатында отандық спортшы наурызда Шермурат Калиловтен жеңілісінің себептері, Түркиядағы алғашқы жекпе-жегі туралы айтып, жеңіл салмақтағы қазіргі OCTAGON чемпионы Анастасия Дюжикованың (6-1) жаттығуындағы негізгі өзгерістерін атап өтті.

– Сәмбет, биыл наурызда Шермурат Калиловтен титулдық жекпе-жекте жеңіліп қалған соң, кездесу өткізбедіңіз. Бұған себептер болды ма, әлде бәрін қайта ойластыру үшін үзіліс жасауды шештіңіз бе?

- Менің үйімде құрылыс жүрді, сондықтан жұмысым көп болды.

«Пантерамен» жекпе-жекті жиі еске аласыз ба? Уақыт өткеннен кейін титулдық жекпе-жекте жеңілістің негізгі себептерін атай аласыз ба?

– Иә, жекпе-жек жиі есіме түседі. Ауыр жаттығулардан кейін қалпыма келе алмадым. Әдетте, жекпе-жекке төрт күн қалғанда мен толық қалпыма келетінмін, бірақ бұл жолы болмады.