«ПСЖ» шабуылшы Килиан Мбаппені 400 миллион еуроға сатуды қарастыруға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Transfer Core сайтына сілтеме жасап.

Франциялық шабуылшы париждік клубпен келісімін ұзартқаннан соң бірнеше аптадан кейін кейбір командалар Мбаппеге қызығушылық таныта бастады.

Бұған дейін Килиан Мбаппе «ПСЖ» басшылығының орындалмаған уәделеріне көңілі толмай, қысқы трансферлік кезеңге командадан кетуге дайын екендігі туралы ақпарат шыққан болатын. Бұл ретте футболшыға негізгі үміткерлер ретінде «Ливерпуль» мен «Реал Мадрид» аталады. Кейінірек париждік клубтың спорт директоры Луис Кампос бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Мбаппе осы маусымда «ПСЖ» сапында 13 ойынға қатысып, 12 гол соққан. Оның клубпен келісімшарты 2025 жылдың маусым айының соңына дейін есептелген.