Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан құрамасының екі үздік ойыншысы Черногорияға қарсы матчта қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словенияны жеңгеннен кейін Черногорияға қарсы кездесуге Подгорицаға аттанды.

Сырт алаңдағы ойынға команда жетекшілері Дуглас пен Дәурен Тұрсағұлов қатыспайды. Дуглас суық тигізіп, Тұрсағұлов микротравма алған.

Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» бас бапкері Кака футболшыларды ай соңында Бельгияда өтетін Чемпиондар лигасының ойындарына сақтап қалу туралы шешім қабылдаған. Дәл осы себепті Біржан Оразов командада болмайды.

Кездесуде Дуглас пен Тұрсағұловтың орнына «Бәйтерек» ойыншылары Эдсон мен Серік Мәжитов өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасы Алматыдан Ыстамбұл арқылы Черногория астанасына аттанды.

Еске салайық, Черногория құрамасына қарсы кездесу бүгін, 12 қазанда Подгорицада өтеді.

Фото: UEFA Futsal