Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының екі жетекші ойыншысы Черногорияда ойнамайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Словенияны жеңгеннен кейін сыртта Черногорияға қарсы кездесуге Подгорицаға аттанды.

Қонақтағы ойынға команда жетекшілері Дуглас пен Дәурен Тұрсағұлов қатыспайды. Біріншісіне суық тиіп, Тұрсағұлов микротравма алған.