«Куньлунь» командасының 37 жастағы шабуылшысы Брэндон Йип қатарынан 5-ші матчта гол соқты, бұл клуб рекорды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Шабуылшы өзінің гол сериясын ҚХЛ-да «Барысқа» қарсы ойында (5:0) ұзартты.

Бұл қытайлық клуб үшін рекорд.

Жалпы, Йип осы маусымда 15 матчта 12 (6+6) ұпай жинады.

Маусымаралық кезеңде ол «айдаһарлармен» жаңа төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.