12 қазанда Подгорицада Қазақстан құрамасы футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында сырт алаңда Черногорияға қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екі команда үшін бұл турнирдегі екінші матч болмақ. Бұған дейін Қазақстан Словения құрамасын жеңсе (2:0), Черногория сол Словениядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Qazsport телеарнасы көрсететін Черногория - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:50-де басталып, мына СІЛТЕМЕ арқылы қолжетімді болады.