«Астана» Италияның Венето облысында өтетін «Джиро дель Венето» біркүндік веложарысына қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыс 12 қазанда өтеді.

Команда құрамы: Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Леонардо Бассо (Италия), Кристиан Скарони (Италия), Симоне Веласко (Италия), Джанмарко Гарофоли (Италия), Хавьер Ромо (Испания).