Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Флоренцияда өткен ATP 250 сериясы турнирін жекелей сында сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымдағы кездесуде қазақстандық Чили өкілі Кристиан Гаринді 7-5, 6-2 есебімен сенімді ұтты.

Бублик үшін бұл ATP сериясы турниріндегі 100-жеңіс.

Матч 1 сағат 29 минутқа созылды.