Бүгін футболдан Қазақстан WU-19 құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Андорра WU-19 командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында қазақстандық бұрымды футболшылар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапынан екі голды да Анастасия Тян (7 және 88-минут) соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейінгі кездесуін Чехия құрамасына қарсы өткізіп, 0:7 есебімен жеңілген болатын.