«Аякс», «Милан» мен Нидерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Марко ван Бастен «ПСЖ» шабуылшысы Неймарды сынға алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Сhampionat.com сайтына сілтеме жасап.

«Неймар - нағыз жылауық, ол үнемі арандатып жүреді. Бір секундта ол біреуді ренжітеді, ал келесіде ол өзін құрбан ретінде көрсетеді. Оған қол тигізуге болмайды. Алаңдағы жағымсыз адам», - деп келтіреді ван Бастеннің сөзін The Sun.

Неймар осы маусымда 13 ойынға қатысып, 9 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген.

Бразилиялық шабуылшы «ПСЖ» сапында 2017 жылдан бері ойнап келеді. Ойыншының клубпен келісім шарты 2025 жылға дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшының құнын 75 миллион еуроға бағалайды.