Кәсіпқой бокстан WBO тұжырымы бойынша әлем чемипоны Жәнібек Әлімханұлы британиялық Дензел Бентлиді жеңетініне сенімді екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жекпе-жекке бір ай қалды, бірақ мен қарсыласымды нокаутқа түсіруге дайынмын. Дензел, бапкеріңе сүлгіні уақытында лақтырсын деп айт!», - деді Әлімханұлы Твиттерде.

Әлімханұлы мен Бентли жекпе-жегі 12 қарашада Лас-Вегаста өтеді.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы биылғы 22 мамырда британиялық Дэнни Дигнумды (14-0-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанған еді.

Кейін америкалық боксшы Деметриус Андраде Әлімханұлымен міндетті жекпе-жектен бас тартты. Осыған байланысты, қазақстандық боксшыға «уақытша» чемпионнан орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша толыққанды әлем чемпионы мәртебесі берілген.

ФОТО yandex.kz