Тимофей Скатов «Челленджерде» жеңіске жеткен ең жас қазақстандық теннисші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«21 жастағы Тимофей Скатов Александр Бубликтен кейін ATP Challenger турнирінің қазақстандық ең жас чемпионы атанды», - деп жазды ATP Challenger Tour твиттерде.

Еске салайық, Тимофей Скатов карьерасында алғаш рет Пармадағы (Италия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сынында жеңіске жеткен. Ол финалда Словакия өкілі Йозеф Коваликтен 7-5, 6-7, 6-4 есебімен басым түскен болатын.

Қазақстандық үшін бұл карьерасындағы «Челленджердің» екінші финалы. 2021 жылдың маусым айында Тимофей Скатов Алматыда өткен ATP Challenger Tour турнирінің жеңімпазы атана алмады.