Испания құрамасының аға жаттықтырушысы Сантьяго Дения Қырғызстанмен өткен ойынның қорытындысы бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
— Біздің мақсат жеңіске жету болды. Бұл тапсырманы орындадық. Матч барысында бірнеше жаңа тактиканы жүзеге асырып көрдік. Бірнеше футболшылар орындарын ауыстырып көрді.
 
— Ертең Әзірбайжан құрамасымен кездесесіздер. Бұл команда қандай әсер қалдырды?
 
— Ойын қызықты болады деп ойлаймын. Әзірбайжандық футболшылар жақсы дайындалған. Грузия құрамасымен тартысқа түсті. Ойын қызықты әрі қиын болады деп күтемін. Дегенмен. біз биыл да кубокты ұтып аламыз деп үміттенемін.