Тәжікстан құрамасының аға жаттықтырушысы Анваршо Мирзоев Қазақстанмен өткен ойынның қорытындысы бойынша пікір қалдырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Ойын бойынша балаларға ескерту жасай алмаймын. Олар соңына дейін күресті. Бапкердің қойған талаптарын орындады. Екінші тайм да алаңға шыққан футболшылар да ойынды күшейте түсті. Өкінішке қарай, ойынның соңында төрешінің қателігінен кейін жеңіліп қалдық. Бұл сәтке дейін бәрі мінсіз еді. Қалғанының бәріне көңілім толады. Физика жағынан әлсіздеуміз. Ертеңгі ойынға дайындаламыз. Көп ойын өткізсек, көп тәжірибе жинаймыз, - деді Анваршо Мирзоев.
 
 
Дереккөз: ҚФФ ресми сайты