Қазақстан - Тәжікстан құрамасының қорытындысы бойынша қазақстандық құраманың аға жаттықтырушысы Карлес Марторелл пікір білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
- Испания құрамасынан 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін біздің жігіттер соңына дейін ойнады. Доппен ойнау жетіспеді. Бүгін біз баяу ойнадық. Алайда, бұл жылдам ойнайтын командалармен кездекенде әсер етеді. Балалар үлгермей жатты. Шабуылда нүкте қоятын соққы болмады. Ертең Грузиямен өтетін ойын қиынға түседі. Біз олармен ақпан айында ойнадық. Оларды финалда ойнайды деп күттік. Енді үшінші орын үшін Грузия футболшыларымен кездесетін болдық, - дейді аға жаттықтырушы Карлес Марторелл.
 
Дереккөз: ҚФФ ресми сайты