Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов «Челленджер» сериясындағы алғашқы титулына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алғашқы титулды жеңіп алу керемет сезім. Былтыр да, биыл да көптеген қиындықтар болды, бірақ мен оларды еңсергенімді мақтан тұтамын. Ата-анама, бапкерге және, әрине, Қазақстан теннис федерациясына үнемі қамқорлық жасап, қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргім келеді», - деді матчтан кейін Тимофей Скатов.