Бүгін Лейк-Плэсидте (АҚШ) трамплиннен секіруден Құрлықтық кубок өтті. Қазақстан намысын үш спортшы қорғады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данил Васильев 256,4 ұпаймен 8-орын алды. Сабиржан Муминов 212,4 ұпаймен 26-орын, Святослав Назаренко 146,0 ұпаймен соңғы (30-шы) орын алды.

Үздік нәтижені аустриялық Михаэль Хайбек (305,9) көрсетті, екінші орында польшалық Александр Знищоль (291,7), үздік үштікті польшалық Томаш Пильч (284,2) түйіндеді.

Фото: olympic.kz