«Манчестер Сити» қорғаушысы Натан Аке карьерасын Италияда жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Спорт-Экспресс сайтына сілтеме жасап.

Журналист Экрем Конурдың мәліметінше, 27 жастағы голландиялық спортшыны «Милан» алғысы келіп отыр. Жазда италиялық клуб ойыншыға қызығушылық танытқанымен, «Сити» оны қабылдамаған болатын.

Аке осы маусымда «Манчестер Сити» сапында 8 матчқа қатысқан. Transfermarkt порталы ойыншының құнын 25 миллион еуроға бағалайды.

Фото: The Guardian