«Үлкен дулыға» турнирінің 21 дүркін чемпионы, әлемнің 7-ракеткасы Новак Джокович Астанада өтіп жатқан ATP 500 Astana Open турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 сағат, 15 минутқа созылған кездесуде Джокович әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен кездесті. Кездесу 6:3, 6:4 есебімен сербиялық теннисшініңпайдасына аяқталды.

Фото: ktf.kz