Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы өзбекстандық Championat.asia сайты жазды.

Дереккөздің хабарлауынша, матч 16 қараша күні Ташкентте өтеді.

Айта кетейік, қос құрама бұған дейін 6 рет кездескен. Қазақстан құрамасы бір мәрте ғана жеңіске жетті. Өзбекстан екі рет жеңіске жетсе, қалған үш ойын тең аяқталды.