Футзалдан Ресей Суперлигасында бақ сынайтын «Сибиряк» клубы қазақстандық ойыншылар Жомарт Тоқаев және Ағеділ Мадияровпен қоштасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ойыншылар мен клуб өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды.

Клуб Тоқаев пен Мадияровқа командада өткізген уақыты үшін алғыс айтып, алдағы мансабына сәттілік тіледі.