9 қазанда Атырау, Қарағанды, Тараз, Астана және Түркістан қалаларында футболдан Қазақстан чемпионатының 22-туры аясында бес матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астана уақытымен 16:00-де «Атырау» – «Қайрат» матчы басталады. Ойынды ҚКФЛ-ның арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Дәл осы уақытта «Шахтер» – «Тұран» кездесуі де басталады.
Ал 18:00-де «Астана Арена» стадионында жергілікті «Астана» шымкенттік «Ордабасыны» қабылдайды.
«Тараз» ойыншылары өз алаңында петропавлдық «Қызыл-Жармен» кездеседі. Бұл кездесу де астана уақытымен 18:00-де басталады.
Осы турдағы соңғы матч 20:00-де өтеді. Атакенттік «Мақтаарал» Түркістанда оралдық «Ақжайықпен» кездеседі.
Фото fckairat.com
Комментарии