«Тұранның» 29 жастағы шабуылшысы Шоқан Абзалов Премьер-лигада «Ақжайықпен» (1:1) өткен матчта өзінің 50-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қызылорда футболының түлегі Шоқан Абзалов 2019 жылдың 27 сәуірінде Астанада «Шахтермен» (0:1) өткен кездесуде «Қайсар» сапында Премьер-лигада алғашқы ойынын өткізді. Ол 72-минутта Мақсат Байжановтың орнына қосалқы құраммен шықты.

«Қайсар» сапында барлығы 34 кездесу өткізіп, 2 гол соқты.

«Тұран» сапында бүгінге дейін 16 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Премьер-лигада барлығы 50 матч өткізіп, 5 гол соқты.