Буфтада (Румыния) В лигасында футболдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында 17 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасы мен Литва құрамасы арасындағы кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан Литвадан 0:1 есебімен ұтылды.

Матчтағы жалғыз голды 62-минутта Патрисия Пенкаускайте соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы үшін бұл соңғы сегіз жылдағы алғашқы минималды жеңіліс (2014 жылдың 21 қазанында Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілді - 0:1).

Қазақстан құрамасы Еуро-2023 іріктеу кезеңіндегі келесі ойынын 11 қазанда Румыниямен өткізеді.