Prosports.kz сайтына белгілі болғандай, футболдан Қазақстан чемпионатының көшбасшысы күрделі кадрлық қиындықтарды бастан кешуде.

«Ақтөбенің» негізгі құрамының жартысынан көбі «Каспийге» қарсы ойнамауы мүмкін. Дмитрий Шомконың сары қағазы көп, Уго Уайдемон тізе жарақатына байланысты маусымның соңына дейін алаңға шықпайды. Темірлан Ерланов Қазақстан құрамасынан жарақатпен оралды. Литва құрамасының жартылай қорғаушысы Артурас Жулпа асқазан-ішек инфекциясына шалдыққан. Сонымен қатар, Юрий Логвиненко мен Руслан Камболовтың жарақаттары юар.

М21-турдың «Ақжайыққа» қарсы ойынынан кейін Шина деген атпен танымал ақтөбелік шабуылшы Дос Сантос Роджерио Алвестің балтыры осылай көрінді.

Еске салайық, «Ақтөбе» - «Каспий» кездесуі футболдан Қазақстан чемпионатының 22-турының бағдарламасын ашады, Ақтөбе қаласының «Орталық» стадионында өтетін кездесудің басталуы – Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де.

Бірінші айналымдағы ойын 2:0 есебімен «Каспийдің» пайдасына аяқталды.