Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің Әзербайжан мен Польша құрамалары арасындағы ойында қазақстандық төрешілер тобы жұмыс істейді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл матчта Аслан Галаев пен Талғат Қосмұхамбетов (екеуі де Қостанайдан) қызмет көрсетеді. Үшінші төреші болып астаналық Төрехан Тұрсымбаев тағайындалды.

Ойын бүгін, 7 қазанда Бакуде өтеді. Кездесу Астана уақытымен 22:00-де басталады.

ФОТО kff.kz