Камерундық шабуылшы Самюэль Это’О түркиялық «Антальяспор» клубына қосылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы клубтың ресми сайты мәлім етті. Атақты форвард бүгін Түркияға ұшып келген. Жақын арада Это’О мен «Антальяспор» біржылдық келісім-шартқа отырады.

Өткен маусымда Самюэль италиялық «Сампдорияның» намысын қорғап, 18 матчта 2 гол салған болатын.