«Барыс» хоккей клубы 6 қазанда ҚХЛ аясында сырт алаңда Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Торпедо» Батыс конференциясының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр, бүгін «Барысты» жеңсе, үшінші орындағы «Витязьді» қуып жетеді.

Ал «Барыс» өз алаңында «Нефтехимиктен» жеңілгеннен кейін қайта еңсе тіктеп, плей-офф кезеңіне жолдама беретін аймаққа енгісі келеді.

«Торпедо» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 21:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.