Футболдан ел біріншілігінің 17-турында көш бастап келе жатқан клубтардың бірі «Атырау» өз алаңында «Жетісуға» жол берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

27-минутта Душан Савич гол салып, қонақтарды алға шығарды. Дегенмен бұл есеп ұзақ сақталмады. Үш минуттан соң Антон Григорьев таразы басын теңестіріп тастаған. 71-минутта Савич дубль жасап, «Жетісуға» сенсациялық түрде жеңіс әкелді.

Осы матчтан кейін «Атырау» 30 ұпаймен төртінші сатыда қалды. Алайда ол көш басындағы «Ақтөбеден» 7 ұпайға артта келеді. Ал «Жетісу» болса, 13 ұпаймен 11-орында қалды. 

«Атырау» - «Жетісу» 1:2 (1:1)

Голдар: Савич 27 (0:1), Григорьев 30 (1:1), Савич 71 (1:2)